365 қауіпсіз күн-100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

Көптеген жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнаманың талабы ретінде қарастырылды, ал нормативтік-құқықтық талаптар қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау негізгі элементтер болды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы қол жетпейтін мақсат болып саналды немесе әрі кетсе, біз ұмтылатын арман сияқты қарастырылды.

Уақыт өте келе, біздің қауіпсіздік мәдениетіміз өндірістік процестердің күрделілігін, еңбекті қорғау мәселелерінде дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуіміздің жақсаруына қарай өзгере бастады. Біз осы бағыттың одан әрі дамуының куәгерлері болдық, командаішілік неғұрлым тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде біз өзімізді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сондай-ақ қызметкерлер, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің моральдық парызымыз болды. Бұдан басқа, біз қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша үздік тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян келтірмейтінін түсіндік, ал қауіпсіздік қағидаларын сақтамау материалдық, адами және бедел сияқты орасан зор шығындарға әкелуі мүмкін. 

Қауіпсіздік тұрғысынан алғанда мінсіз күн дегеніміз-бұл ҚМГ-ның барлық қызметкерлері үйлеріне аман-есен қайтатын, апаттар болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиян келтірмеген күн. 2014 жылы біз алғаш рет осындай күндерді санауды бастадық және 90 күн бойы оқыс оқиғаларсыз жұмыс істедік.  2015 жылы бұл көрсеткіш 96 күнге жетіп, 2017 жылдың соңына қарай 30% - ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жылдың соңына қарай 200 қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік береді, бірақ оң серпінге қарамастан, бізге әлі де ұмтылатын нәрселер жетерлік. Біз оқыс оқиғаларсыз 365 күн мақсатына жақындаған сайын, одан кейінгі әр күнге жету үшін көп күш салуымыз керек екенін түсінуіміз керек.

Осы себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын іске қосамыз. Егер бұрын жазатайым оқиғалар мен апаттардың толық болмауы біздің пайымымыз болса, енді-бұл нәтижені күту. Бұл  біз өзіміздің қызметкерлерге және мердігердің қызметкерлеріне құқық беретінімізді және олардан қауіпсіздік техникасы қағидаларының орындалмауы, бұзылуы немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқу байқалған жағдайда, өз пікірлерін ашық айтады, араласады және талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді деген үмітімізді  білдіреді.

ҚМГ компанияның негізгі құндылықтарының бірі ретінде қауіпсіздік нормаларының 100% сақталуына мұқият қарайды. Бұл жай ғана ұран емес!

Таяудағы апта ішінде сіз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын 100% сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін бейнероликті қоса алғанда, қосымша ақпарат алатын боласыз.

Мен және ҚМГ-ның барлық басшылығы «100% қауіпсіздік» қағидатын ұстанамыз. Осы жолдаудың бүкіл компаниялар тобы бойынша таратылуын және дұрыс түсінілуін қамтамасыз етуді сұраймын.

Басқарма төрағасы                                                                     

С. Мыңбаев