Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

ӨЖБҚ салу жобасы

“Теңіз Бұрғылау”ЖШС Жалғыз акционердің қолдауымен ӨЖБҚ салу жобасын іске асыруға кірісті.

Жобалық құжаттама әзірленіп, ҚР уәкілетті органдарымен, Америка кеме қозғалысы бюросы (ABS) және Ресей теңіз кеме қозғалысы тізілімі (RMRS)классификациялық қоғамдарымен келісілді. Бұрғылау қондырғысы 5-тен 80 метрге дейін су тереңдігінде  тереңдігі 6 000 метрге дейін мұнай-газ ұңғымаларын салу бойынша қызметтер көрсетуге қабілетті болады.

2012 жылғы шілдеде ӨЖБҚ салу басталды. 2015 жылдың басында аяқтау жоспарланып отыр.

ӨЖБҚ қазақстандық мамандарды барынша көбірек тарта отырып, Маңғыстау облысының верфтерінде жасалады. ӨЖБҚ салу кезеңінде Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында 800 - 1100 тікелей және қосалқы мердігерлік шарттары арқылы жанама жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

ӨЖБҚ салу алғашқы теңіз бұрғылау компаниясын құрумен қатар отандық теңіз бұрғылау қызметтері саласын құруға ықпал етеді және сол арқылы мұнай-газ операцияларын қолдау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі Жалғыз акционердің саясатына сәйкес келеді.

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері