Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

Өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысы Бакуге келді

Толығырақ: Өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысы Бакуге келді

Бұрғылау жұмыстарының халықаралық форматын дамыту

Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ) мен Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) арасындағы ынтымақтастықтың жандануы байқалып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ҚМГ Басқармасының төрағасы А.Айдарбаев Бакуде SOCAR Президенті Р. Абдуллаевпен келіссөздер жүргізді. Осы кездесу аясында ҚМГ мен SOCAR арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, ол компаниялар арасындағы, оның ішінде Каспийдегі геологиялық барлау жұмыстары саласындағы, көмірсутек шикізатын барлау жөніндегі геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ логистика, мұнай және мұнай өнімдері трейдингі саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективаларын көздейді.

Ынтымақтастықтың алғашқы нақты жобасы ретінде Меморандум Каспий теңізінің Әзірбайжан акваториясындағы жобаларда бұрғылау үшін "Сәтті" ӨЖБҚ бірлесіп пайдалану қарастырылған. Бұл қондырғы теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық қатысуды күшейту мақсатында салынды. 

2019 жылғы 16 ақпанда Астанада ҚМГ Басқарма Төрағасы А.Айдарбаев SOCAR Президенті Р. Абдуллаевпен кездесті. Осы сапар аясында тараптардың екі еншілес компаниялары арасында ӨЖБҚ сенімгерлікпен басқару шартына қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, осы Шартты іске асыру кезеңдері мен егжей-тегжейін қамтитын тиісті жол картасы әзірленетін болады.

Бұл ретте Әзірбайжан тарапы ӨЖБҚ жетілдіру және Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында бұрғылау жөніндегі міндеттемелер қабылдады. ҚМГ-бен  SOCAR -ға сенімгерлік басқаруға берілетін өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы "Вritish Рetroleum" компаниясы әзірлейтін "Абшерон" құрылымында Әзірбайжан тарапы іске асыратын жобаларға жұмылдырылатын болады. Атап айтқанда, SOCAR екі ұңғыманы бұрғылауды қамтамасыз етуді жоспарлап, Каспий теңізінің Әзірбайжан секторындағы басқа SOCAR жобаларында "Сәтті" ӨЖБҚ тарту бойынша күш-жігер жұмсайды.

SOCAR компаниясымен ынтымақтастық теңіз бұрғылау тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Каспий теңізінің бұрғылау қызметтері нарығындағы ӨЖБҚ бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

 

 

Басқарма төрағасының қауіпсіздік мәселелеріне арналған жолдауы

Басқарма төрағасының қауіпсіздік мәселелеріне арналған жолдауы

2018 жыл аяқталуға жақын, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздердің «ҚазМұнайГаз»-дағы  іске шын берілгендіктеріңіз, жұмысқа деген ынталарыңыз үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне деген ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеп жүргенде, 2018 жылы «ҚазМұнайГаз»-дың  қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне өзім куә болдым. Алғаш рет Компанияның тарихында 12 айлық кезеңде еңбек қызметімен байланысты өлімге алып келген жазатайым оқиғалары бойынша НӨЛДІК көрсеткішке қол жеткізілді. Еңбек қабілетсіздігіне әкеп соққан (еңбек қызметіне байланысты жарақаттану нәтижесінде бір күннен асатын кезең), жазатайым оқиғалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 35% азайды. Мұның барлығы Компанияда жыл өткен сайын қауіпсіздік мәдениетінің артқанын әрі нығайғанын растайды. Сол үшін Сіздердің баршаңызға алғыс білдіргім келеді.

Алайда, 2018 жыл жазатайым оқиғасыз жыл болған жоқ – өндірісте әлі де болса оқыс оқиғалар орын алып отыр. Біз Компанияның және мердігер ұйымдардың әрбір қызметкерінің әрқашанда жұмыстан аман-есен, жарақат алмай үйіне оралуына ұмтыламыз! Біз әрқашанда 100% қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатында үздіксіз жұмыс істейтін боламыз!

Біздің қызметкерлердің, мердігерлердің және жергілікті халықтың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы тынымсыз еңбегіміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесінің ұзақ мерзімді әрі табысты болуының негізгі факторы болып табылады. Біз қауіпсіздік бойынша негізгі құндылықтарға ортақтасатын, өндірістің жоғарғы стандарттарына ұмтылатын кадрлық әлеуетті тарту, дамыту және сақтау арқылы қауіпсіздік мәдениетін ұдайы алға жылжытатын боламыз.

Компанияда қауіпсіздік бойынша бірқатар қағидалар, рәсімдер және стандарттар әзірленіп енгізілді. Үлкен жұмыс атқарылды, десе де, бұл - жеткіліксіз. Біз ұжымның барлық деңгейлерінде, ҚМГ нысандарында жұмыс атқарып жатқан әрбір қызметкер үшін оның ажырымас бөлігі болып табылатын қауіпсіздік құндылығын енгізу жұмысын және қауіпсіздік мәдениетіне ұмтылысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бұл құндылық   жұмыстан тыс уақыттың өзінде де   сіздің өміріңіздің ажырамас тұрақты бөлігі болуы керек. Себебі, қауіпсіздік мәдениеті дегеніміз – ойлану қабілетін, жұмысқа деген қарым-қатынасты қалыптастыратын жазылмаған нормалар мен стандарттар жиынтығы.

Қауіпсіздікке деген ұмтылыс басшылықтан басталады. Алайда, басшылық жеке өзі барлық жерде қауіпсіздік мәдениетін ұдайы қамтамасыз ете алмайды.

Егер сіздердің әрқайсысыңыз қауіп тудыратын жағдайлар мен әрекеттерді байқасаңыз, әрі бұл жайында ашық түрде айтатын болсаңыз, ал сіз жүгінген адамдар, сізді тыңдайтын болса, яғни жұмыс орындап жатқан қызметкер болсын, не өзіңіздің басшыңыз болсын сізді тиісті жабдықпен қамтамасыз етіп және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын үйретсе,осы көрсетілген міндеттеме мені қоса алғанда, ҚМГ-ның әрбір қызметкерінің ұстанымы болуы қажет.

Біздің мақсатымыз – тек қана қауіпсіздік талаптарын сақтау ғана емес, әрбір адам қауіпсіздік техникасының жағдайын жасқартуға ұмтылатын, қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілікті сезінетіндей атмосфераны құру.

Қауіпсіздік мәдениетін құру дегеніміз –   аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашанда қол жеткен табысқа тоқмейілсіп, тоқтап қалмауымыз керек. Бұл - заман талабы; бұл жол бойынша ұдайы алға ұмтылу адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне үйретеді және бізді үнемі қауіпсіздік техникасын сақтауға жетелейді, оны жетілдіру үшін   орындалуға тиіс талаптардың  барлығын бізден талап етеді. Қазақстан бойынша мұнай-газ саласындағы үздік компания болайық! Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту бойынша үнемі алға   ұмтылайық!

Сіздерге тағы да іске деген адалдықтарыңыз, қауіпсіздік бойынша көрсеткіштерді жақсартуға қосқан үлестеріңіз және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің тиімділігін арттырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, сондай-ақ 2019 жыл   Сіздер және сіздердің отбасыларыңыз үшін қауіпсіз, салауатты әрі табысты жыл болуына тілектеспін!

365 қауіпсіз күн – 100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнаманың талабы ретінде ғана қаралды, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау негізгі шаралар болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы қол жеткізбейтін мақсат болып саналды немесе әрі кетсе, біз ұмтылатын арман сияқты қарастырылды.

Уақыт өте келе, біздің қауіпсіздік мәдениетіміз өндірістік процестердің күрделілігін түсіну, еңбекті қорғау мәселелеріндегі дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін жақсарту жағына қарай өзгере бастады. Біз осы бағыттың одан әрі дамуының куәгерлеріне айналдық, ішкі команданың барынша тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында өзімізді көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің адамгершілік борышымызға айналды. Бұдан басқа, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша таңдаулы тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян әкелмейтінін түсіндік, осыған орай,қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда, материалдық, адами зор шығындарға және де іскерлік беделіміздің төмендеуіне алып келері анық. 

Қауіпсіздік тұрғысында ең қолайлы күн – бұл ҚМГ барлық қызметкерлері өз отбасыларына жарақат алмай аман-сау оралатын күн, апаттардың болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін күн. 2014 жылы біз алғаш рет осы күндердің есебін бастадық және осы айтылған оқиғаларсыз 90 күн жұмысымызды қауіпсіз жасап шықтық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 96 күн болса, 2017 жылдың соңына қарай 30%-ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жылдың соңына қарай 200  қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік берді, алайда оң серпінге қарамастан, біз әлі де болса жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз 365 қауіпсіз күнге жақындаған сайын әрбір келесі күнге қол жеткізу үшін күш-жігерімізді көбірек жұмсайтынымызды түсінуіміз керек.

Сол себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын іске қосамыз. Егер бұрын жазатайым оқиғалар мен апаттардың толықтай болмауы біздің пайымымыз болса, ал енді – бұл нәтижені күту болып табылады. Бұл біздің өзіміздің және мердігердің қызметкерлеріне тиісті құқықтарын бере отырып, егерде қауіпсіздік техника қағидалары орындалмау, бұзу немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқушылық орын тапқан кездерде, олар өз пікірін ашық айта алатынын, жұмыс барысына араласа отырып, қойылған талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ететінін күтеміз.

Қауіпсіздік ережелерін 100% сақтау деген ұстаным ҚМГ компаниясының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Бұл жай ғана ұран емес!

Жақын арадағы аптаның ішінде сіз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін 100% сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін бейнероликтерді қоса алғанда, қосымша ақпаратты аласыздар.

Мен және ҚМГ басшылығының бәрі «100% қауіпсіздік» қағидатын бұлжытпай орындаймыз. Компанияның барлық тобы бойынша осы жолдаудың таратылуын және дұрыс түсінуін қамтамасыз етуді сұраймын.

 

Басқарма төрағасы                                                                               

С. Мыңбаев

Жаңа компания – жаңамақсаттар

Мәлім болғандай, мұнай-сервис саласындағы әлемдік алпауыттардың бірі - Parker Drilling Қазақстандағы көмірсутек шикізатын өндірумен айналысатын ірі кен орындарының бірін игеретін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) компаниясына көптеген жылдар бойы бұрғылау қызметтерін ұсынып келеді.

2017 жылы ҚПО тарапынан Қарашығанақта 2018-2022 жж. кезеңіне жұмыс көлемін қамтамасыз ету үшін бұрғылау қондырғыларын ұсыну қызметтеріне тендер жарияланды.

Аталмыш тендерге қатысу үшін «KMG Drilling & Services» ЖШС тарапынан «Parker Drilling» компаниясымен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде тендерге қатысу үшін ҚПО компаниясына бірлескен өтінім түсірілген болатын.

2018 жылдың ақпан айында тендердің қорытындысы бойынша Жерүсті бұрғылау қондырғыларын ұсыну туралы келісімшарт жасалды.

Келісімшартқа сәйкес, 3 жылдың ішінде 20 жуық өндіретін және 4 айдау ұңғымаларын бұрғылау жоспарланып отыр.

Жобада шамамен 140 адам жұмыс жасайтын болады, оның ішінде 92% - қазақстандық мамандар мен жұмыскерлер.

Операциялық қызметті 2018 жылдың жаз айында бастау жоспарланып отыр.

Алдыңғы келісімшарттарды іске асырумен бірге, 2018 жылдың 14 наурызында Астана қаласында құжаттар топтамасына қол қойылған болатын, осыған орай «KMG Drilling & Services» ЖШС Келісімшартқа сәйкес бұрғылау қызметтерін жүзеге асыратын «ҚМГ Паркер Дриллинг Компани» ЖШС (ҚПДК) 49 пайызының иесі болып атанды.

Құрылтай құжаттарына сәйкес ҚПДК негізгі коммерциялық қызметі- мұнайгаз өнеркәсібі саласында жерде, теңізде және ішкі суларда бұрғылау қызметтерін ұсыну; қызмет көрсету, ұңғымалардың ағымдағы, күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу, мұнай және газ ұңғымаларын игеру әрі сынау, және де басқа да ілеспе қызметтерді көрсету болып табылады.

Жалпы алғанда бұл жаңа жобаның маңызын асыра бағалау қиынға соғады. ҚПДК қызметі шеңберінде бірегей тәжірибе, білім, технологиялар және басқару жүйелерін қолдануға жағдай жасалады, ал ұзақ мерзімді кезеңде бұрғылау мердігері ретінде Қазақстанның басқа да мұнай-газ жобаларында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте қазақстандық компанияның мұнай-сервис саласындағы қызметтер нарығында серпінді жобаны тағы бір мәрте ойдағыдай жүзеге асырып, ең жоғары деңгейдегі шетелдік компаниямен толыққанды серіктес атану мәртебесіне ие болуы бұл оқиғаға ерекше астар беріп, маңызын арттырып отыр.

 

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері