2018 жыл аяқталуға жақын, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздердің «ҚазМұнайГаз»-дағы іске шын берілгендіктеріңіз, жұмысқа деген ынталарыңыз үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне деген ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеп жүргенде, 2018 жылы «ҚазМұнайГаз»-дың қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне өзім куә болдым. Алғаш рет Компанияның тарихында 12 айлық кезеңде еңбек қызметімен байланысты өлімге алып келген жазатайым оқиғалары бойынша НӨЛДІК көрсеткішке қол жеткізілді. Еңбек қабілетсіздігіне әкеп соққан (еңбек қызметіне байланысты жарақаттану нәтижесінде бір күннен асатын кезең), жазатайым оқиғалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 35% азайды. Мұның барлығы Компанияда жыл өткен сайын қауіпсіздік мәдениетінің артқанын әрі нығайғанын растайды. Сол үшін Сіздердің баршаңызға алғыс білдіргім келеді.
Алайда, 2018 жыл жазатайым оқиғасыз жыл болған жоқ – өндірісте әлі де болса оқыс оқиғалар орын алып отыр. Біз Компанияның және мердігер ұйымдардың әрбір қызметкерінің әрқашанда жұмыстан аман-есен, жарақат алмай үйіне оралуына ұмтыламыз! Біз әрқашанда 100% қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатында үздіксіз жұмыс істейтін боламыз!
Біздің қызметкерлердің, мердігерлердің және жергілікті халықтың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы тынымсыз еңбегіміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесінің ұзақ мерзімді әрі табысты болуының негізгі факторы болып табылады. Біз қауіпсіздік бойынша негізгі құндылықтарға ортақтасатын, өндірістің жоғарғы стандарттарына ұмтылатын кадрлық әлеуетті тарту, дамыту және сақтау арқылы қауіпсіздік мәдениетін ұдайы алға жылжытатын боламыз.
Компанияда қауіпсіздік бойынша бірқатар қағидалар, рәсімдер және стандарттар әзірленіп енгізілді. Үлкен жұмыс атқарылды, десе де, бұл - жеткіліксіз. Біз ұжымның барлық деңгейлерінде, ҚМГ нысандарында жұмыс атқарып жатқан әрбір қызметкер үшін оның ажырымас бөлігі болып табылатын қауіпсіздік құндылығын енгізу жұмысын және қауіпсіздік мәдениетіне ұмтылысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бұл құндылық жұмыстан тыс уақыттың өзінде де сіздің өміріңіздің ажырамас тұрақты бөлігі болуы керек. Себебі, қауіпсіздік мәдениеті дегеніміз – ойлану қабілетін, жұмысқа деген қарым-қатынасты қалыптастыратын жазылмаған нормалар мен стандарттар жиынтығы.
Қауіпсіздікке деген ұмтылыс басшылықтан басталады. Алайда, басшылық жеке өзі барлық жерде қауіпсіздік мәдениетін ұдайы қамтамасыз ете алмайды.
Егер сіздердің әрқайсысыңыз қауіп тудыратын жағдайлар мен әрекеттерді байқасаңыз, әрі бұл жайында ашық түрде айтатын болсаңыз, ал сіз жүгінген адамдар, сізді тыңдайтын болса, яғни жұмыс орындап жатқан қызметкер болсын, не өзіңіздің басшыңыз болсын сізді тиісті жабдықпен қамтамасыз етіп және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын үйретсе,осы көрсетілген міндеттеме мені қоса алғанда, ҚМГ-ның әрбір қызметкерінің ұстанымы болуы қажет.
Біздің мақсатымыз – тек қана қауіпсіздік талаптарын сақтау ғана емес, әрбір адам қауіпсіздік техникасының жағдайын жасқартуға ұмтылатын, қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілікті сезінетіндей атмосфераны құру.
Қауіпсіздік мәдениетін құру дегеніміз – аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашанда қол жеткен табысқа тоқмейілсіп, тоқтап қалмауымыз керек. Бұл - заман талабы; бұл жол бойынша ұдайы алға ұмтылу адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне үйретеді және бізді үнемі қауіпсіздік техникасын сақтауға жетелейді, оны жетілдіру үшін орындалуға тиіс талаптардың барлығын бізден талап етеді. Қазақстан бойынша мұнай-газ саласындағы үздік компания болайық! Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту бойынша үнемі алға ұмтылайық!
Сіздерге тағы да іске деген адалдықтарыңыз, қауіпсіздік бойынша көрсеткіштерді жақсартуға қосқан үлестеріңіз және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің тиімділігін арттырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, сондай-ақ 2019 жыл Сіздер және сіздердің отбасыларыңыз үшін қауіпсіз, салауатты әрі табысты жыл болуына тілектеспін!