«KMG Drilling & Services» ЖШС қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында елеулі межеге қол жеткізілгені туралы мақтанышпен хабарлайды. 2015 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша «Каспиан эксплорер» жүзбелі бұрғылау қондырғысының (бұдан әрі - ЖБҚ) қызметкерлері ЖБҚ операциялық қызметі шеңберінде 2012 жылы құрылыс аяқталғаннан бастап 2015 жылғы 29 қаңтарға дейін 3 жыл ішінде барлығы 1095 күн немесе 761 700 адам-сағат өндірістік жарақатсыз, жұмыс уақытын жоғалтпай және қандай да болмасын оқыс оқиғасыз жұмыс істеп шықты. Бұл халықаралық деңгейде қауіпсіз жұмыс жүргізу технологиясын толық көлемде орындайтын компания қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін растайды.
Барлық қызметкерлердің мұнай және газ саласында, теңіз және жерүсті жобаларында мол тәжірибесі бар, сондай-ақ олар ЖБҚ операциялық қызметі шеңберінде оқудан өтті, Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс істеу үшін жарамды қажетті сертификаттары мен дипломдары бар.
Барлық қызметкерлер қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары және теңізде жұмыс істеу кезінде аман қалу бойынша оқудан өтті, әрдайым төтенше жағдайларға ден қоюға дайын болу үшін әртүрлі жаттығулар өткізіліп тұрады. 2013 жылы 91 жаттығу өткізілді, ал 2014 жылы қызметкерлердің жиналуы, күкіртті сутектің шығуы, бұрғылау қондырғысын тастап кету, борт сыртында адам, жарақаттанған адамды тасымалдау, өрт сөндіру бойынша және т.б., барлығы 105 жаттығу өткізілді.
Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ЖБҚ-да санитарлық-тұрмыстық жайлар және демалыс бөлмелері, тамақтануға арналған асхана, каюталарда себезгілер, киім шешетін орындар, спутникті теледидар орнатылған зал бар, кір жуу орны тәулік бойы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ережелерге сәйкес «KMG D&S» ЖШС қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, профилактиқалық өңдеу құралдарымен, жуу және зазарсыздандыру құралдарымен, зембілдермен, медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларымен, күйікке қарсы жиынтықтармен қамтамасыз етілген, шеберханалар көз жуу станцияларымен жабдықталған және медициналық пункт бар. Апта сайын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі супервайзерлер дәрігермен бірлесіп тұрғын блоктың санитарлық жағдайын тексеріп тұрады.
Бұдан басқа ЖБҚ-да «Қауіпсіздікті бақылау жүйесі» жұмыс істейді, оның мақсаты ықтимал қауіп-қатер мен қауіпті жағдайларды анықтап, оларды жою болып табылады. Ең үздік авторларға естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздары беріледі. Бұл жүйеге лауазымына қарамастан ЖБҚ-ның кез келген қызметкері қатыса алады. 2013 жылы барлығы 600 бақылау, 2014 жылы 609 бақылау тіркелді.
Жыл сайын Ресей теңіз кеме қозғалысы тіркелімі Ақтау өндірістік офисінде «KMG Drilling & Services» ЖШС қауіпсіздік басқару жүйесінің Халықаралық қауіпсіздікті басқару кодексі (ХҚБЖ) талаптарына сәйкестігін растайтын «Сәйкестік туралы құжатты» растау үшін компанияның қауіпсіздікті басқару жүйесіне сыртқы аудит жүргізеді. Өндірістік және басқарушы қызметкерлердің қауіпсіздікке адалдығының арқасында қандай да болмасын өндірістік жарақаттар мен төтенше жағдайларға жол берілмей келеді.
Тапсырыс беруші «Жамбыл Петролеум» ЖШС-ның 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 13-366 және 2014 жылғы 20 қарашадағы № 14-753 хаттары қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейін растап отыр. Онда 2013 және 2014 жылдары Жамбыл учаскесіндегі ZB-1 и ZT-1 барлау ұңғымаларын бұрғылау және сынау жұмыстарын жүргізу кезеңінде бұрғылау бригадасының инженерлік қолдау көрсету кезіндегі жоғары біліктілік деңгейі, кәсібилігі және сервистік қызмет көрсету саласында халықаралық стандарттарға адалдығы атап өтілген.
[widgetkit id=89]