KMG DS және Parker Drilling компаниясы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2018 жылғы наурызда «KMG Parker Drilling Company» ЖШС (бұдан әрі - KPDC БК) бірлескен кәсіпорны құрылды.
KPDC БК қызметінің негізгі түрі аномалды жоғары қысымды және құрамында күкіртсутегі бар ірі мұнай-газ жобаларында әлемдік стандарттар бойынша бұрғылау қызметтерін ұсыну болып табылады.
2018 жылдың ақпан айынан бастап KPDC БК Қарашығанақ кен орнында ұңғымаларды бұрғылау бойынша қызметтер көрсетеді. KPDC БК кеңсесі Ақсай қаласында орналасқан. Бұрғылау қызметтерін ұсыну мақсатында осы жобада KPDC БК 2 жаңа бұрғылау қондырғысы сатып алынды.
Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты (Сovid 19, мұнай бағасының төмендеуі) 2020 жылы екі бұрғылау қондырғысындағы жұмыстар тоқтатылды және қазіргі уақытта бір бұрғылау қондырғысында ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар қайта жанданды.