«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік рухты нығайту мақсатында 2025 жылғы 15 қарашада Қабанбай батыр даңғылы, 19, А блогындағы ҚМГ спорт кешенінде стритболдан (баскетбол3х3) турнир өтті.
Жарысқа Астана қаласындағы ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының 10-нан астам командасы қатысты. Турнир корпоративтік ортада спорттық бастамаларды дамытуға, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және компания қызметкерлері арасында салауатты өмір салты қағидаттарын ұстауды жетілдіруге бағытталған.
Іс-шара достық және бәсекеге қабілетті атмосферада өтті. Барлық қатысушылар спорттық шеберліктерін, жеңіске деген ұмтылысын және корпоративтік бірлігін көрсетті.
Ақпараттық технологиялар және әкімшілік-шаруашылық қызмет секторының бастамасымен «KMG Drilling & Services» ЖШС осы спорттық іс-шараға келесі қызметкерлер қатысты:
|
- Асанов Арман Меирханович |
Теңіздегі жобаларды дамыту бөлімі |
|
- Джумагалиев Леон Берикович |
Теңіздегі жобаларды дамыту бөлімі |
|
- Бахтияров Азамат Бахтиярович |
Теңіздегі жобаларды дамыту бөлімі |
|
- Усалиев Рустем Жаксылыкулы |
Ат және АХД секторы |
Біздің команда барлық төрт матчта жеңіске жетіп кіші топтан бірінші орынға шықты.
Осы турнирде жүлделі үшінші орынды иеленді.