GOTECH 2023 конференциясы мен көрмесіне саяхат

«KMG Drilling & Services» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) 2023 жылғы 13-15 наурыз аралығында Дубай қаласында өткен үш күндік конференция мен GOTECH 2023 көрмесіне қатысты.
Конференцияда жерасты технологиялары, бұрғылау технологиялары, инновациялар, интеграцияланған цифрлық кен орындары, процесс қауіпсіздігі, метан шығарындыларын азайту, жасанды интеллект және басқа да тақырыптар қарастырылды.
Осы конференция мен көрмеге қатысу дегеніміз - мұнай-газ саласының әлемдік жетекші операторларымен, өндірушілерімен және сервистік компанияларымен кездесуге тамаша мүмкіндік.
Сапар барысында «KMG Drilling & Services» ЖШС басшылығы әлеуетті тапсырыс берушілермен кездесу өткізіп, онда Серіктестіктің болашақ жобалары талқыланды.

Фотогалерея