2023 жылдың 6 сәуірінде Атырау қаласында бұрғылау, геофизика және техникалық қызмет көрсету мәселелеріне арналған алғашқы «KazDrilling» конференциясы өтті. Конференцияға мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компаниялардың 200-ден астам өкілі қатысты.
Конференция аясында келесі ұсынылған тақырыптар талқыланды:
1. Мұнай-газ кен орындары мен бұрғылау компаниялары бойынша ағымдағы жағдай;
2. Мұнай-газ операторларының бұрғылау жөніндегі жоспарлары;
3. Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары;
4. Ірі компаниялардың бұрғылаудағы оқшаулау тәжірибесі.
«Ірі компаниялардың бұрғылаудағы оқшаулау тәжірибесі» секциясында «KMG Drilling&Services» ЖШС Бас директоры А.Алпамысов «Табысты БК құру тәжірибесі және шетелдік нарықтарға шығу» тақырыбында презентация жасады.
А. Алпамысов өз сөзінде шетелдік бұрғылау компанияларымен өзара іс-қимыл қазақстандық қызметкерлердің құзыретін арттыруға, озық компаниялар бұрғылауда қолданатын жаңа технологиялар трансферін жүзеге асыруға, сондай-ақ мұнай-газ саласының әлемдік мэйджорларымен жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Бұл ынтымақтастық «KMG Drilling&Services» ЖШС-не жаңа активтерді сатып алуға, нарықта бұрғылау қызметтерін ұсынудың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ жобаның бүкіл кезеңі бойына 22 млрд теңгеден астам жалпы пайда алуға мүмкіндік берді.
Бұдан әрі А. Алпамысов қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, онда бірлескен кәсіпорындар құру барысындағы салық, заңнамалық және корпоративтік мәселелерге қатысты қандай сын-қатерлердің кездескендігін егжей-тегжейлі айтып берді.
Сөз соңында А. Алпамысов аталмыш іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осы конференцияның барлық қатысушыларына табыс тіледі.