«ҚазМұнайГаз»: трансформация жолында

2014 жылғы 20 қазанда  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ұлттық компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары өкілдерінің қатысуымен  «ҚМГ трансформациялануы.  HR  саясатындағы өзгерістер» атты үш күндік семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылуында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев және «Самұрық-Қазына» қорының адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры Дэниэл Крюсберг сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» қоры тобын трансформациялау бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлағаны атап өтілді. Трансформация кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы пилоттық компаниялар қатарында.

С. Мыңбаев бастапқы кезеңде түсіністікке қол жеткізу үшін трансформациялаудың барлық мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері  ҚМГ еншілес ұйымдарына жеткізілуге тиіс екендігін атап өтті. HR қызметтеріне қатысты атап өтетіні, трансформациялау барысында ҚМГ тобы кадр қызметтерінің бірыңғай схема бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Бірыңғай еңбекақы жүйесін одан әрі енгізуге, деректер жинауды автоматтандыруға, барлық компанияларда бірыңғай ұйымдық құрылымның қалыптасуына, мұнай-газ секторы мамандықтарының бірыңғай атауларын бекітуге ерекше назар аудару керек. Бұдан басқа, ҚМГ басшысының айтуынша, қызметкерлерді ынталандыру жолдарын ойластыру маңызды. «ҚазМұнайГаздың» әрбір қызметкері өзінің мансаптық өсу жолын айқын көруге тиіс. Отырыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов трансформациялау шеңберінде енгізілуге жоспарланып отырған ұлттық компанияның Бірыңғай кадр саясатымен таныстырды.

Семинар-кеңес нәтижесі бойынша  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын жетілдіруге және жемісті трансформациялауға бағытталған ұсыныстар мен нақты іс-шаралар жоспары қабылданады.

[widgetkit id=82]