Caspian Drilling Company Ltd теңіз және
логистикалық базасында ӨЖБҚ-ның теңізге шығуына байланысты салтанатты рәсім
өтті. Хабарламада ҚМГ мұнай сервисі және көмірсутегі шикізатын кәдеге жарату
жобалары департаментінің директоры Асхат Дүйсәлиевтің: «Бүгінгі күн -
Қазақстандық мұнай сервисі нарығы үшін тарихи оқиға. CDC, British Petroleum
сияқты компаниялармен ынтымақтастық халықаралық тәжірибені қабылдап қана
қоймай, Қазақстанның мұнай-сервистік қызмет көрсету нарығын әлемдік стандарттар
бойынша сапалы қызмет көрсететін бәсекеге қабілетті сервис ретінде танытуға
мүмкіндік береді»,- деген сөздері
келтірілген. Satti ӨЖБҚ модификациясы 2021 жылдың маусым айында аяқталды, SPBU
жүк көтергіштігі 453 тоннадан 680 тоннаға дейін өсті. Қондырғы тереңдігі 6 мың
метрден астам мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылауды қамтамасыз етуге қабілетті.
Satti компаниясы операторы British Petroleum Absheron Limited болып табылатын
Shallow Water Absheron Peninsula (SWAP - Апшерон архипелагының таяз суы)
жобасына қатысады. Satti ӨЖБҚ- бүтіндей Қазақстанда жасалған алғашқы қондырғы. Бұған дейін ҚМГ мен
Әзірбайжан мемлекеттік мұнайкомпаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға,
сондай-ақ ӨЖБҚ бірлесіп пайдалануды
көздейтін бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. ӨЖБҚ - ның меншік иесі
ҚМГ-ның еншілес компаниясы - «KMG Drilling & Services» ЖШС болып табылады,
қондырғыны басқаруды CDC жүзеге асырады.