ҚМГ мен Татнефть мұнай-газ-химия жобалары саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

25 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың «Татнефть» (бұдан әрі – Татнефть) ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен онлайн мәжілісі өтті. Келіссөздер барысында мұнай-газ-химия жобаларын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осылайша, Татнефть Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағындағы жобаларға, оның ішінде бутадиен мен оның деривативтерін өндіруге қызығушылық танытты. Сондай-ақ бірқатар құжаттарға, соның ішінде компаниялар арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың шілде айында ҚМГ мен Татнефть арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. 2019 жылғы қарашада компаниялар «Татнефть» ЖАҚ озық тәжірибесін Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына» қол қойды.