«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны - Атырау
МӨЗ-де шекті қату температурасы минус 45С болатын Altay-45 қысқы дизель
отынының бірінші партиясы өндірілді.
СТ ТОО 403 19154-38-2020 стандарты
бойынша дайындалған ДТ-А-К5 Altay-45 маркалы дизель отыны мұнайды терең өңдеу
кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды. Жаңа
өнім K5 класты экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Күкірттің минималды
мөлшері және төмен температуралық қасиеттерін жақсартатын қоспалардың болмауы
өнімді арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес етеді. Атырау МӨЗ-і рекордтық
қату температурасы төмен отын шығаратын елдегі алғашқы кәсіпорын болғанын атап
өту қажет. Жаңа дизель отынының алғашқы партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті
жабу үшін шағын көлемде өндірілді. Одан әрі сұранысқа қарай Altay-45 дизель
отынын тиеу көлемі ұлғайтылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы «АМӨЗ»
ЖШС-де сол кезде Қазақстандағы ең төменгі температурадағы Khazar-38 дизель
отынын өндіру басталды. Осылайша, Altay-45 өндірісінің басталуымен зауыт
сүзгіштігі төмен температуралы аязға төзімді дизель өнімдерінің желісін
жалғастырды. Дизель отынының жоғары сапалы төмен температуралы түрлерін өндіру
АМӨЗ-ді үш кезеңдік жаңғырту шеңберінде салынған жаңа қондырғыларды іске
қосқаннан кейін мүмкін болды.