«ҚазМұнайГаз» АҚ трансформациялау бағдарламасының жобасын таныстырды - «KMG Drilling&Services» ЖШС

«ҚазМұнайГаз» АҚ трансформациялау бағдарламасының жобасын таныстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамында бірден-бір акционер –«Самұрық-Қазына»АҚ және компания директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелерінің қатысуымен жаңғырту мен трансформациялау Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісте ҚМГ жұмысшы тобы дайындаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ трансформациялау бағдарламасының жобасы қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде трансформациялау бағдарламасы шеңберінде Қор мен ҚМГ алдында 30 дамыған әлемдік мемлекеттің қатарына ену старатегиясындағы Мемлекет басшысы қойған үлкен міндеттер тұрғанына назар аударды. 
Қордың көптеген компаниялары қазірдің өзінде бәсекелестікке бейімделіп үлгерді, бірақ қаржыны қайтарып беру, инвестиция тиімділігі бойынша біз әлемдік көшбасшылардан біраз қалып келеміз. Бізге Қор мен еншілес компаниялардың барлық қызметін терең трансформациялау қажет. Біздің бүкіл іс-қимылымыз барлық компанияларымыздың құнын арттыруға бағытталуы тиіс» деп атап көрсетті Өмірзақ Шөкеев.
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев ҚМГ-дағы трансформациялау бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Олар – барлау мен өндіру, қайта өңдеу, шетелдік активтерді басқару және корпоративтік орталық.
 
«Кеніштерді интеллектуальды түрде анықтау» жүйесін енгізу басты міндеті болып табылатын «Барлау және өндіру» бизнес-бағытына ерекше маңыз беріледі. «Барлау және өндіру» бизнес-бағытын трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кеніштерден дәл және жүйелі мәліметтер алу, тиімді ақпарат алмасу, ақпараттар ағынын жинақтау және талдау оңтайлы жолға қойылып, басқару шешімін дұрыс қабылдауға мүмкіндік туады деп жоспарлануда.