«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады. - «KMG Drilling&Services» ЖШС

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады.

Үстіміздегі жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында аталмыш компаниялар «Жамбыл» (ZB-1) құрылымында 2 200 метр тереңдікте бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Бұрғылау жұмыстарын ұйымдастырумен «Жамбыл Петролеум» операциялық компаниясы айналысты. Бұрғылау жұмыстарын тікелей жүргізген – халықаралық стандарттар бойынша сертификат алған «Теңіз Бұрғылау» ЖШС-і. Бұл мердігер кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100 пайыз еншілес кәсіпорыны болып табылады.