«ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы Корея Консорциумымен бірге су асты бұрғылау қондырғысын пайдалануға бергенін хабарлайды

 

2012 жылдың 14 маусымында Құрық кентінде ( Маңғыстау облысы) су асты бұрғылау қондырғысына салтанатты түрде «Каспиан Эксплорер» (бұдан әрі — СБҚ) деген ат берілді.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан болашағы бар Жамбыл теңіз учаскесі бойынша «ҚазМұнайГаз»ҰҚ АҚ (бұдан әрі — ҚМГ ҰК) мен Корея Каспий Мұнай Жобасы (бұдан әрі — Корея Консорциумы) арасындағы принциптер туралы келісімшарт шеңберінде бұрғылау жөніндегі барлау жұмыстарын жүргізу үшін теңіз бұрғылау қондырғысының құрылысын салуға байланысты Корея жағының міндеттемесі қаралды.

Қабылданған міндеттемеге сәйкес Корея Консорциумы бұрғылау қондырғысын іске өзі даярлайды, оған қондырғының құрылысын жүргізу, тасымалдау және жинау түгел енген. Бұл Қазақстанда құрастырылған алғашқы су асты бұрғылау қондырғысы. Құрылыс жұмыстары үшін қазақстандық «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС өндірістік қуаты толық пайдаланылуда.