Құрметті әріптестер!

{simplepopup}Құрметті әріптестер!

30 тамызда біз ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз.

Осы күні біз тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге баға беріп, ел болашағы туралы ойланамыз. Барлығымыз да елімізді гүлденген және мықты болса екен деп армандаймыз.

Еліміздің негізгі заңы барлық жетістіктердің тұғыры, азаматтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілдігі болып табылады.

Әр қызметкер өз еңбегі, кәсіби шеберлігі, тәжірибесі және адалдығы  арқылы салауатты қоғам мен ұлтты қалыптастыруға үлес қосады.

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге еңбекте жаңа табыстар, зор денсаулық және Қазақстан Республикасы игілігі жолында тың жетістіктер тілеймін.

Бас директор (Басқарма төрағасы) А. Шоқпытов{/simplepopup}