2020 жылғы 20 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Серікбай Трумовпен кездесіп, ҚМГ кәсіпорындарындағы эпидемиологиялық жағдайды және компанияның коронавирусты одан әрі таратпау бойынша қабылдап жатқан шараларын талқылады. Кездесу барысында ҚМГ басшысы сондай-ақ «Қазмұнайгаздың» өңір халқына көрсетілетін демеушілік және қайырымдылық көмегі туралы айтып берді. «Біз алғашқы күннен бастап пандемиямен күреске қосылдық. Компания өз қызметін жүзеге асыратын өңірлердің тұрғындарына үнемі қамқорлық көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге, оның ішінде Маңғыстау облысында 1,8 млрд теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Бұл қаражатқа қажеттілік туындаған медициналық жабдықтарды, реанимобильдерді, оттегі концентраторларын және ӨЖТ аппараттарын сатып алу бойынша атаулы көмек көрсетілді. Сондай-ақ ҚМГ-ның еншілес компаниялары әкімдіктер мен медициналық мекемелерге аз қамтылған отбасыларға Көлік, жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік себеттерін ұсынды. Біз коронавирус инфекциясына қарсы жалпы күресте дәрігерлер мен жергілікті органдарға жан – жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деді А.Айдарбаев кездесуде. Сапар барысында Алик Айдарбаев вахтаға шығатын ҚМГ еншілес және сервистік компанияларының қызметкерлерін ПТР-тестілеуден өткізетін Ақтау қаласындағы медициналық орталықтың қызметімен танысты. Тесттен тәулігіне 200-ге дейін адам өтеді, бұл COVID-19 жұқтырған адамдарды анықтауға және өндірістік объектілерде аурудың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында Алик Айдарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және сервистік кәсіпорындар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өткізді. Мәжіліс барысында ағымдағы қызмет, дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру, пандемиямен күрес және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау мәселелері талқыланды. А. Айдарбаев коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болған қызметкерлердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, науқастанған әріптестерінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. «Өкінішке орай, біздің әріптестеріміз де вирустың құрбаны болды. Олардың әрқайсысы «Қазмұнайгаздың» үлкен отбасының бір бөлігі болды және компанияның дамуына өз үлесін қосты. Біз үшін бұл орны толмас шығын. Олар туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп атап өтті Алик Айдарбаев. Жаңаөзен қаласында ҚМГ басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық-оңалту орталығында болды, оның ашылуы осы жылдың қыркүйек айында жоспарланып отыр. «Өзенмұнайгаз» АҚ орталығының орынжайларын жөндеуге және дайындауға 50 млн.теңге бөлінді. Орталықта жылына 700-ге дейін бала оңалтудан өте алады. Сонымен қатар, Алик Айдарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ базасындағы провизорлық орталықтың қызметімен танысты, онда қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларын түсіруге арналған 65 резервтік төсек-орын бар. Провизорлық орталықтың өткізу қабілеті тәулігіне 500 пациентті құрайды. ҚМГ басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығына провизорлық орталықты қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Кейіннен ол «ӨзенМұнайГаз» АҚ қызметкерлерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін диагностикалау, емдеу және оңалту үшін толыққанды медициналық орталық ретінде жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Маңғыстау облысында көрсетілетін демеушілік көмек бойынша анықтамалық ақпарат «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ компьютерлік томография аппаратын сатып алу үшін 475 млн теңге бөлді, ол жақын арада Маңғыстау облыстық ауруханасының қарамағына беріледі. Жергілікті медициналық мекемелер үшін 817 млн. теңгеден астам сомаға 20 өкпені жасанды желдету аппараты және үш реанимобиль сатып алынды. «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшылары ерікті түрде жергілікті ауруханаларға оттегі баллондарын жинау, құю және жеткізуді ұйымдастырды. Компанияның демеушілігімен Ақтауға Ресей Федерациясынан 9 жоғары білікті инфекционист, пульмонолог, терапевт, реаниматолог дәрігерлер келді. «Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қалалық ауруханасы үшін жалпы құны 40 млн теңге болатын 2 жаңа мамандандырылған реанимобиль сатып алды. Компания карантин кезеңінде Жаңаөзен қаласының тыныс-тіршілігін қолдауға белсенді қатысады. Осылайша, компания қалада дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін 6 инфрақызыл тепловизор мен бірнеше арнайы техника ұсынды. «Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қалалық ауруханасының қажеттіліктері үшін 5 млн. теңге сомасына 10 оттегі концентраторын, 6,9 млн. теңге сомасына 4 пациент мониторын, 723 мың теңге сомасына 100 оттегі редукторын, 150 метр оттегі шлангісін сатып алды. «Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысының әкімдігіне облыстың инфекциялық және провизорлық стационарлары үшін оттегі концентраторларын сатып алуға жалпы сомасы 20 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Түпқараған ауданының әкімдігіне көмек ретінде провизорлық стационар үшін оттегі концентраторларын, медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға 7,4 млн.теңге бөлінді. Жақын арада компания Ресей Федерациясынан тартылған дәрігерлер тобының шығындарын төлеу және қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін тағы 43,5 млн. теңге жіберуге ниетті. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС осы айдың соңына дейін Маңғыстау облысының әкімдігіне өкпені жасанды желдетуге арналған 20 аппараты мен жеке қорғаныс құралдарын одан әрі медициналық мекемелерге тарату үшін беруді жоспарлап отыр. Көрсетілетін көмектің жалпы сомасы 320 млн теңгеден асады. «CASPI BITUM» БК» ЖШС Ресей Федерациясынан келген тоғыз дәрігерге қонақ үйде бір айлық тұру ақысын төледі. «ҚазГӨЗ» ЖШС көпбейінді қалалық ауруханаға 100 қорғаныш костюмін бөлді.