2014ж. 03.11 – 2014ж. 07.11. аралығында «KMG Drilling & Services» ЖШС делегациясы бұрғылау жөніндегі бас директор А.С. Нұржановтың

2014ж. 03.11 – 2014ж. 07.11. аралығында  «KMG Drilling & Services» ЖШС делегациясы бұрғылау жөніндегі бас директор А.С. Нұржановтың және құрлықта бұрғылау департаментінің бұрғылау жөніндегі бас инженері Т.З. Паритовтің құрамында бұрғылау қондырғыларын және мұнай жабдығын жасайтын зауыттармен танысу мақсатында Қытай Республикасының:

ü  «Тянь Хэ»  корпорациясы жанындағы «Хуа Фэн» ЖАҚ мұнай жабдығы зауытына;

ü  «Кежуй» корпорациясы жанындағы бұрғылау қондырғыларын шығару зауытына сапармен барып қайтты.

Зауыт  басшыларымен және мамандарымен кездесулер өткізілді, онда зауыттардың қызметі туралы таныстырылымдар ұсынылып, зауыттардың өндірістік қуатымен танысу үшін экскурсиялар өткізілді.

«Тянь Хэ» корпорациясы мұнай жабдығын шығару жөніндегі кешенді кәсіпорын,  Қытай мұнай және мұнай-химия жабдығы өнеркәсіптік қауымдастығының  (CPEIA) мүшесі болып табылады, Ұлттық жоғары технология кәсіпорны ретінде марапатталған, Қытайда мұнай жабдығын шығару саласында жетекші позицияға қол жеткізген. Компания ISO, API, NS-1 сапа жүйесі сертификаттарын және HSE кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік жүйесі сертификатын алған.

«Тянь Хэ» корпорациясының Қытайда кең дамыған сауда желісі бар, ол CNPC, SINOPEC және CNOOC барлық кен орындарын қамтиды.  

«Хуа Фэн» зауыты Шанхай қаласынан 50 км жерде орналасқан және әртүрлі өлшемдегі және пішіндегі ауырлатылған және бұрғылау құбырларын, бұрандалы забойлық қозғалтқыштар, орталықтандырғыштар, тұрақтандырғыштар, кеңейткіштер, кері клапандар, көтеру және ауыстыру жалғастырғыштарын, тележүйелер, ястар және әртүрлі апаттық жабдық шығаруға маманданады. Зауыт металл шикізатын кесуге, фрезерлеуге, термиялық өңдеуге арналған ең соңғы жабдықпен жарақталған. Зауыт өнімі әлемдегі ең озық және жетекші болып табылады.

«Кежуй» корпорациясы  2001 жылы құрылған. Бас штабы Дуньин қаласында орналасқан. Қытайдың көлемі бойынша екінші орынды иемденетін «Шэнли» кен орны да осы жерде. Корпорация кешені негізінен мұнай жабдығын әзірлеумен және шығарумен айналысатын кәсіпорын болып табылады.

          Бұрғылау қондырғыларын шығару зауыты мұнай және газ ұңғымалары үшін бұрғылау қондырғыларын шығарады. Роторлар, сораптар және т.б. есептемегенде, зауыт жылына шамамен 20-25 бұрғылау қондырғылары жиынтығын шығарады. Осы зауытта шығарылатын бұрғылау қондырғылары әлемнің түрлі елдерінде жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 5 бұрғылау қондырғысы Қазақстанда жұмыс істеуде.

          Жабдық ISO, API, HSE сапа жүйесіне сәйкес сертификатталған. Жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері мен оны жасау процессі жоғарыда аталған сапа жүйелеріне толық сәйкес келеді.

           Сонымен қатар зауыт қиыр солтүстік жағдайында жұмыс істеуге арналған толық қапталған шоғырлы (эшелондық үлгідегі) бұрғылау қондырғыларын шығарады.

[widgetkit id=84]