Ағымдағы жылдың 4 – 6 тамызында «KMG Drilling & Services» ЖШС «Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) салу жобасымен танысу үшін объект құрылысы алаңына (құрғақ док) барып, «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Жұмыс кеңесі барысында «Oil Services Company» ЖШС өкілдері ӨКБҚ негізгі техникалық сипаттамаларымен және нысаналы мақсатымен, бас жоспарымен, «Сәтті» ӨКБҚ құрылыс сызбаларымен, сондай-ақ қондыру, дәнекерлеу, бояу-сырлау және оқшауландыру жұмыстарын жүргізу технологиясымен таныстырылды. Тестілеу және қосу-баптау әдісі, қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ Мердігердің жұмыс және қолданылатын материалдар сапасын бақылау рәсімі қаралды.
«Oil Services Company» ЖШС қызметкерлері құрылыс объектісі алаңына сапары барысында ӨКБҚ негізгі жүйелері және олардың функционалдық мақсаты, атап айтқанда энергиямен және сумен жабдықтау және құрғату, өрт қауіпсіздігі жүйесі және желдету, көтеру механизмдері, тұрғын блок, тікұшақ алаңы, теңгерімдік жүйе, шығыран жабдығы, бұрғылау ерітіндісін дайындау және беру жүйесі, сондай-ақ қойма жайлары көрсетілді.