2014 жылғы 30 қыркүйек – 3 қазан аралығында Алматы қаласының ең ірі екі алаңында 22-ші «Мұнай және Газ» KIOGE 2014 Қазақстан халықаралық көрмесі және конференциясы өтеді
KIOGE 2014 конференциясының негізгі мәселелері мыналар болады: көмірсутекті ресурстар базасын кеңейту, жер қойнауын пайдаланудағы заңнамалық өзгерістер, жобаларды қаржыландыру, мұнай тасымалдау құбырларын оңтайландырудың жаңа технологиялары, бұрғылау және өндіру технологияларын оңтайландыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Сонымен қатар биылғы жылы конференция шеңберінде кен орындары аймағында мұнай сервисін дамыту және инфрақұрылым құру мәселесі кеңінен қаралады.
Конференцияға қатысуға мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық компаниялар мен даму институттарының басшылары, геологтар мен геофизиктер, инженерлер, заңгерлер, банк секторының өкілдері, сарапшылар, Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссиялар мен сауда өкілдіктерінің басшылары, қаржы менеджерлері және БАҚ өкілдері шақырылды.
Жаңа үш бөлімнің көрсетілуі биылғы KIOGE көрмесінің ерекшелігі болмақ. Құбырлар мен инженерлік құрылыстар жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ құбырлар жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру мәселелерінің өзектілігі «Дәнекерлеу жабдығы және технологиясы» және «Жабындар – құбырлардың тоттануға қарсы жабындары» бөлімдерінің пайда болуына негіз болды.
Жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін сатып алу көлемінде күрделі емес, капитал сыйымдылығы төмен тауарлар мен қызмет түрлері басым екендігін және қазіргі жағдайда мұнай-газ компаниялары мұнай өндіру үшін дәстүрлі емес технологияларды, арнаулы жабдықты, химиялық реагенттер мен материалдарды пайдаланатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанға озық білім мен жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан заманауи технологиялармен алмасу және оларды қолдану үшін елеулі әлеуеті бар мұнай-газ машина жасау және мұнай сервисі салаларына маңызды роль беріледі. Осы мәселенің өзектілігіне байланысты ұйымдастырушылар «Мұнай-газ машина жасау» жаңа бөлек секциясын ашты.
Жыл сайын KIOGE көрмесі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, Алматы қаласының әкімдігі, «KazService» қазақстандық сервистік компаниялар одағы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен және белсенді қатысуымен өтеді.
KIOGE ұйымдастырушылары - Iteca Қазақстан көрме компаниясы және оның серіктестері: ITE Group Plc (Ұлыбритания), ITE Moscow (Ресей), GIMA (Германия), ITE China (Қытай), EUF (Түркия), ITE Poland (Польша), ITE Gulf (БАӘ).