Қазақстандық алғашқы өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салуды бастау туралы баспасөз хабарламасы - «KMG Drilling&Services» ЖШС

Қазақстандық алғашқы өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салуды бастау туралы баспасөз хабарламасы

2012 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Кеппел Қазақстан» ЖШС мен «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС құрған консорциум және «Теңіз Бұрғылау» ЖШС арасында алғашқы қазақстандық өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) «кілтпен» салуға арналған келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық ӨКБҚ салу жобасы ең озық қазақстандық инновациялық жобалардың бірі болып табылады.