2014 жылғы 27 қазан – 6 қараша аралығында Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының әлеуметтік-еңбек қатынастары үшін жауапты 100 басшылары, қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен «Өндірісте ішкі коммуникациялар жүйелерін құру және енгізу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Осы іс-шара ұлттық компания басшылығы іске асырып жатқан еншілес ұйымдардың еңбек ұжымдарында қолайлы жағдай туғызу саясаты шеңберінде өткізіліп отыр және әкімшілік пен еңбек ұжымы арасында «кері байланыс» жүйесін дамытуға, жұмыс берушілер мен қызметкерлер және кәсіподақтар арасында сындарлы диалог орнатуға бағытталады.
Осы тұрғыда жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2013 жылдың соңында құрылған «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ әлеуметтік әріптестік, еңбек даулары мен шиеленістерді үйлестіру жөніндегі кеңесінің отырыстарында қызметкерлердің өзекті мәселелері қаралып, ұсыныстар әзірленеді. Кеңес құрамына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының басшылары, кәсіподақ басшылары, еңбек ұжымдарының өкілдері кіреді.
Ағымдағы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының жұмыс берушілері мен қызметкерлері арасындағы бірыңғай ішкі коммуникациялар жүйесінің үлгі қағидалары» бекітілді. Еншілес және тәуелді ұйымдардың басшылары және әлеуметтік мәселелермен айналысатын мамандары, компания кәсіподақтарының өкілдерімен аталған құжаттарды түсіндіру және өзектендіру бойынша кездесулер өткізілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындары басшыларының еңбек ұжымдарымен жыл сайынғы есептік кездесулері өткізіле бастады.
Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тиісті білімсіз және басшылардың ішкі коммуникацияларды құрудың ролі мен маңызын жеткілікті дәрежеде түсінуінсіз, еңбек ұжымдары өкілдерінің ҚМГ компаниялары тобында әлеуметтік диалогқа бірыңғай көзқарас пен стандарттарды әзірлеу және енгізу процессіне қатысуынсыз бірыңғай жүйелі тәжірибені енгізу мүмкін емес.
Осыған байланысты қызметкерлердің кәсіпорында ішкі коммуникциялар жүйесін құрудың ролі мен жолдары жөнінде түсінігін арттыру, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары, кәсіподақ өкілдері мен мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мақсатында осы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингті жүргізуге Мәскеу Бизнес-мектебінің жаттықтырушылары тартылды.