ҚазМұнайГаз тұрақты даму саласында ESG-рейтингін алды

2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) орнықты даму саласындағы қызметін Sustainalytics[1] рейтингтік агенттігі алғаш рет халықаралық деңгейде 69 балл деңгейінде бағалады, бұл орнықты даму саласындағы компанияның жеткілікті жоғары көрсеткіштерін көрсетеді (әлемдегі сала бойынша 119 компанияның ішінде 33-орын). Бұл ретте ESG-тәуекел-рейтингі 34,5 баллды құрады. ҚМГ ESG-рейтингісін құраушылар бөлігінде мынадай бағалар алды: экологиялық құраушы 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67 деңгейінде. ESG қағидаттарын сақтау экология (Environmental), әлеуметтік саясат (Social) және корпоративтік басқару (Governance) салаларында үздік тәжірибелерді енгізуді білдіреді. Идеялық негіз шамамен 15 жыл бұрын БҰҰ жауапты инвестициялау қағидаттары түрінде тұжырымдалған. Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің жоғары бағасы корпоративтік басқаруды жетілдірудің тұрақты процесімен қатар, ҚМГ-ның қоршаған ортаның жай-күйі мен әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы стратегиялық бейілділігі мен жауапкершілігін растайды. ҚР Мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін ұлттық оператор бола отырып, ҚМГ орнықты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі үшін өз қызметін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. ESG бойынша ақпаратты ашудың ашықтығын арттыру мақсатымен ҚМГ 2012 жылдан бастап жыл сайынғы негізде GRI стандарттарына (GRI Standards) сәйкес есептілікті жариялайды. [1] Sustainalytics - экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәуелсіз зерттеу компаниясы, бүкіл әлемдегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық фирма.