2020 жылғы 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесу барысында ҚМГ басшысы өңірдегі ҚМГ кәсіпорындарындағы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ коронавирустық инфекция пандемиясымен күресу үшін көрсетілетін демеушілік көмекті талқылады. «Біздің еншілес кәсіпорындарымыз облыс әкімдігімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп, халыққа және медициналық мекемелерге көмек көрсету үшін айтарлықтай қаражат бөледі. Мысалы, «Ембімұнайгаздан» 300 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа өңір тұрғындарына қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, сондай-ақ карантиндік стационарлар үшін азық-түлік, тұрмыстық техника, гигиеналық құралдар және жеке қорғану құралдары сатып алынды. Біз барлық адамдар үшін қиын уақытта жан – жақты көмек көрсету – әркімнің парызы деп санаймыз», - дейді А. Айдарбаев. Бұған қоса, ҚМГ басшысы өңірдің еншілес кәсіпорындары басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өткізіп, онда ағымдағы қызмет, дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру, пандемиямен күрес және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау мәселелері талқыланды. Алик Айдарбаев коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болған қызметкерлердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, науқастанған әріптестерінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. ҚМГ Басқарма төрағасы сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, АМӨЗ денсаулық пункті базасында МЖӘ қағидаты бойынша құрылған жаңа медициналық орталықтың ғимаратын аралап көрді. Қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған медициналық орталықта зауыт тұрғындары білікті медициналық көмекті тікелей зауыт аумағында алатын болады. Орталықта Сovid-19 белгілері пайда болған жағдайда жұмысшылар дереу жеткізілетін оқшаулау аймағы бар екенін атап өткен жөн. А. Айдарбаев зауыт басшылығының назарын Атырау қаласы тұрғындарының шағымдарына аударды. «Қала тұрғындары бірнеше рет жағымсыз иіске қатысты наразылықтарын білдірді, бұл иістер қаланың сол жақ жағалауы бөлігіндегі «Сасық жыра» деген атауға ие болған булану алаңдарынан таралады. Біз бұл мәселені білеміз. Бірақ ашық сөйлесейік. «Сасық жыраға» сарқынды сулар екі көзден - қаладан және АМӨЗ-ден келіп түседі. Сонымен қатар, бірнеше онжылдықтар ішінде ластанудың көп бөлігі қалалық кәріз суларына тиесілі, олар ешқандай тазартудан өтпейді, ал зауытта барлық қажетті нормалар мен талаптарға сәйкес келетін механикалық және биологиялық тазарту қондырғылары бұрыннан орнатылған. Сонымен қатар, олар үнемі жаңартылып отырады. Кәріз-тазарту қондырғыларының құрылысы қалад енді ғана жүріп жатыр. Әрине, әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі бар компания ретінде біз осы саланы қалпына келтіруге қатысамыз, аймақтың қоршаған ортасына, оның тұрғындарына барынша қамқорлық көрсетеміз. Бірақ адамдар бүгінгі түйткілді жағдайдың тарихи түрде қалай пайда болғанын түсінуі керек. Осыған байланысты өңір қоғамшылдарымен тығыз қарым – қатынас орнатып, зауыт жүргізіп жатқан жұмыстарды үнемі түсіндіру қажет деп санаймын», - деп тапсырды ҚМГ басшысы. Өз кезегінде «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш. Данбай «Tazalyq» жобасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді. Оның ақпараты бойынша, механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары 90% - ға орындалды, ал биологиялық тазарту құрылыстарын жаңғырту бойынша инженерлік іздестіру жүргізілді. Булану алаңдарын рекультивациялау жобасы бойынша 60%-ға жобалау-іздестіру жұмыстары орындалды. ҚМГ басшылығының жұмыс сапарының келесі объектісі интеграцияланған газ – химия кешенінің құрылыс алаңы-KPI болды. Бүгінгі күні жобаны іске асыру барысы 73,5% - ды құрайды. Объектіде Бетон жұмыстары, жерасты және жерүсті құбырларын монтаждау, металл құрылымдарын, сэндвич-панельдерін, су сақтауға арналған резервуарларды монтаждау және т. б. жүргізіліп жатыр. Әр түрлі нысандар бойынша құрылыс барысы 51-ден 97 пайызға дейін. Ең аз прогресс-бұл құбыр тораптарын жасау және технологиялық құбырларды орнату жұмыстары. Бұл карантиндік режимге байланысты болып отыр, өйткені жұмысшылардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Сондай-ақ, әуе сапарларына тыйым салуға байланысты ең күрделі жұмыстарды орындайтын және арнайы жабдықты орнататын шетелдік мамандардың бір бөлігі елге келе алмады. Естеріңізге сала кетейік, интеграцияланған газ-химия кешенінің жобасы 2018 жылғы маусымда ҚМГ басқаруына берілген болатын. Содан бері құрылыс іске асырудың белсенді кезеңіне өтті. Кешен жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге мүмкіндік береді.