«KMG Drilling & Services» ЖШС Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өңіраралық ынтымақтастығы ХI форумы шеңберінде «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» көрмесіне қатысты

29-30 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өңіраралық ынтымақтастығы ХI форумы шеңберінде «Жабдық және техникалық құралдар» тақырыбында көмірсутегі саласындағы инновацияларға арналған көрме өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин көрме экспонаттарымен танысты.

«KMG Drilling & Services»  ЖШС көрме қатысушыларының назарына  алғашқы қазақстандық «Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысының (бұдан әрі -  «Сәтті») макетін ұсынды.

«Сәтті» ӨКБҚ-ны жобалаған кезде Каспий теңізінің қазақстандық секторы жағдайында жұмыс істеуге арналған көптеген инновациялық шешімдер ескерілді, оның ішінде: ӨКБҚ көліктік шөгуін азайту, сутартқы тораптарын орнату, топырақ тазартқыш орнату және т.б. «Сәтті» ӨКБҚ тереңдігі 5 - 80 м теңіз суларында тереңдігі 6 000 м дейін ұңғыма салу жұмыстарын жүргізуге қабілетті.

«Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы Маңғыстау облысының кеме верфтерінде «Caspian Offshore&Marine Construction» ЖШС және «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС мердігер компанияларының күшімен салынып жатыр. Бүгінгі күні жұмыстардың 80%-ы аяқталды.

Көрме қатысушыларымен қатар компания стендімен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының министрліктері, облыстары және мұнай-газ компанияларының басшылары танысты.

 «KMG Drilling & Services» ЖШС көрмеге қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Энергетика министрліктерінің дипломдарымен марапатталды.

Суреттер:[widgetkit id=81]