«KMG Drilling & Services» ЖШС және Еншілес ұйымдармен арасында қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында Ақтау қаласында...

2014 ж. 22.08. «KMG Drilling & Services» ЖШС (сенімгерлік басқарушы) және «Oil Construction Сompany» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  (бұдан әрі – бірлсесіп «Еншілес ұйымдар» немесе «ЕҰ» деп аталады) арасында қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында Ақтау қаласында ЕҰ сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу өткізілді, оның шеңберінде Еншілес ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесiлi ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуына қатысты белгіленген талаптардың ережелері, атап айтқанда сатып алу мәселелері бойынша есептілік құру және ұсыну нұсқаулығының талаптары, әлеуетті өнім берушілердің хаттарын қарау мәселелері, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу қағидалары талқыланды.

Еншілес ұйымдар «KMG Drilling & Services» ЖШС келісімшарттар және сатып алу департаментін тендерлік құжаттамалардың техникалық өзіндік ерекшеліктерін келіскен кезде құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынас жасау барысында орын алатын мәселелер туралы хабардар етті.

Сатып алу нормаларын дұрыс қолдану мақсатында Департамент туындаған мәселелер бойынша ресми түсіндірмелер алу үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-қа сұрау жолдау қажет екендігі атап өтілді.

Кездесу нәтижесі бойынша Еншілес ұйымдармен сатып алу мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін мерзімді кездесулер өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.