Мұнай-газ саласы бойынша әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жиыны өтті

2014 жылдың 10 шілдесінде ҚР Мұнай және газ министрлігінде барлау мен өндіру бизнес-бағыты бойынша ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесі қарастырылған мұнай-газ саласы бойынша әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жиыны өтті.

Комиссия мүшелеріне ҚМГ адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Е. Рахимбергенов еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін таныстырып шықты.

Тарифтік кесте мен лауазымдық қызметақының сызбасының құрылуына   әр мамандық пен лауазымды өндіріс кезіндегі ауырлығы мен еңбектің маңыздылығына байланысты анықтайтын қызметкерлер мен жұмыскерлердің Анықтамасының құрылуы негіз болғаны айтылды.

Еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі келесі өзгерістерді енгізеді:

- қызметкерлердің лауазымдық қызметақысының сызбасы және жұмыскерлердің мамандықтары бойынша тарифтік мөлшерлемелердің бірегейлендірілуі;

- айлық еңбекақыны есептеудің біркелкі алгоритмі.

Бүгінгі күні ЕТБЖ жұмыскерлерінің жалпы саны 40 мың адамды құрайтын барлау мен өндіру бизнес-бағытындағы 18 кәсіпорынға енгізілген.