«KMG Drilling & Services» ЖШС және «СМАРТ-ОЙЛ» ЖШС арасындағы Сенімгерлік басқару шарты бойынша жұмыстар шеңберінде 23 – 27 шілде аралығында «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің Ақтөбе облысындағы Урихтау кен орнына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сапар мақсаты «СМАРТ-ОЙЛ» ЖШС бұрғылау бригадаларымен тәжірибе алмасу, күкіртті сутегі бар ұңғымаларды бұрғылау әдістерін зерделеу, терең көлбеу-бағытталған ұңғымаларды салу жұмысын жүргізу, сондай-ақ 400 тоннадан жоғары жүк көтеруге қабілетті заманауи бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамаларымен танысу болып табылды. Осы сапар шеңберінде ZJ-70 бұрғылау қондырғысының жұмысы және тереңдігі 4 000 метрге дейін көлбеу-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау ерекшеліктері көрсетілді.
1-фотосурет. «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлері Ақтөбе облысы Урихтау кен орнында. ZJ-70 бұрғылау қондырғысы.
2-фотосурет. Бұрғылау пультінде бұрғылау үдерісін зерделеу.