Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдына корпоративтік басқаруды жақсарту және активтер құнын арттыру жөнінде нақты міндет қойды.
Бұл ретте Елбасы Қордың өзінің тікелей қызметіне күш жұмылдыру, оның ішінде өндірістік компанияларға инвестициялар тарту, жаңа өнім түрлерін меңгеру және жаңа технологияларды енгізу керектігін атап өтті.
Осыған байланысты Премьер-министр К. Мәсімовтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Қорды жаңғыртуға арналған тиісті бағдарлама мақұлданды. Халықаралық кеңесшілермен бірлесіп дайындалған осы құжат «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Қор басшысы Ө. Шөкеевтің ақпараты бойынша жалпы алғанда Бағдарлама адам ресурстарын басқару бойынша ең озық тәжірибені енгізу, бизнес-процесстер реинжинирингі және толық қайта қарау, сондай-ақ технологияларды жаңғырту арқылы жүзеге асырылады.