Жаңа жетістіктерге арналған жаңа кешен

 «KMG Drilling & Services» ЖШС өндірістік циклға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағытында жүргізген жұмысының нәтижесінде «ОйлТранспортКорпорейшэн» ЖШС Бозашы технологиялық көлік басқармасын «Қаламқас» кен орнындағы ең жоғары талаптарға сай келетін жаңа өндірістік жөндеу кешеніне көшіру мәселесі шешімін тапты.

Ағымдағы жылдың 21 қазанында  «KMG Drilling & Services» ЖШС және «ОйлТранспортКорпорейшэн» ЖШС қызметкерлері мен басшылығының қатысуымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара барысында келген техника жылы тұраққа орналастырылды, жүк көлігіне техникалық қызмет көрсету және дөңгелек жөндеу цехы, автокөлік жуу орны, медициналық және диспетчерлік пункттер пайдалануға қабылданды.

Еңбек ұжымы жиналысында жаңа технологиямен жабдықталған жаңа объектіде орналасу компания алдында тұрған міндеттерді жемісті атқаруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл ретте компанияның өндірістік мәселелерді шешумен қатар қызметкерлердің тұрмыстық жағдайы мен демалысының деңгейін арттыруға ұмтылысы ерекше маңызды.

[widgetkit id=83]