Жетібай және Қаламқас кен орындарында әлеуметтік объектілерді салу туралы АҚПАРАТ 3.12.2014

«KMG Drilling&Services» ЖШС құрылымдық бөлімшелері еншілес және тәуелді ұйымдармен бірлесіп, еншілес компания қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша құрылыс іс-шаралары кешенін жүзеге асыруда. 2014 жылғы 3 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қаламқас» және «Жетібай» кен орындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық объектілердің құрылыс алаңдарында объектілер салу және жөндеу жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр.

Бүгінгі күні «Қаламқас» кен орнында «ОСС» ЖШС қызметкерлері үшін жатақхана ғимаратын салуға арналған алаңда он үш жиналмалы ғимараттың модульдері орнатылды. Кәріз құдықтары орнатылып, сыртқы және ішкі комуникациялар мен жылу жүйесінің пластик құбырлары өткізілді.

2014 ж. 19.11. мердігер компания - «ПК «Kerege Alatau» ЖШС-ның  «Жаңаөзен» қаласында орналасқан  базасына киініп-шешінуге арналған ғимаратты жинақтау үшін 14 контейнер жіберілгені туралы бұрын хабарланған болатын. Бүгінгі күні қымталып, іші толық өңделіп болған төрт контейнер объектілерде орналастыруға дайын тұр.

Жетібай және Қаламқас кен орындарындағы вахта кенттерінде футбол алаңдырын салу жұмысының 90%-ы орындалды. Футбол алаңдары барлық ауа райына арналған жоғары сапалы жасанды жабын төселген спорт алаңдарымен жасақталды. 

Еншілес тәуелді компания - «Oil Construction Company» ЖШС Жетібай құрылыс-монтаж қызметінің жалпы алаңы 768м2 аумағын, «Қаламқас» кен орнында Көлік және арнаулы техника басқармасының жалпы алаңы 8944м2 аумағын және «ОТК» ЖШС Жетібай технологиялық көлік басқармасының алаңы 9322 м2  аумағын толық абаттандырып және асфальттап болды.